Компания штатында 850-ден астам адам жұмыс істейді және 300-ден астам адам қосалқы мердігерлер арқылы тартылған. Қазіргі таңда RG Gold Доре қорытпасы түрінде жылына 50 000 унциядан астам алтын өндіреді. Жыл сайын компания тиімділікті арттыру және шығындарды азайту үшін шоғырлы сілтісіздендіру технологиясына ең жаңа жетістіктерді енгізуде.
"RG Processing" (РГ Процессинг) ЖШС 2018 жылдың қазан айында құрылды. Компания 2022 жылдың үшінші тоқсанынан бастап 5,0 млн. тонна сульфидті кенді өңдеуді бастайды деп күтілетін, сорбциялық цианидтеу технологиясын (CIP/қойыртпақтағы көмір) қолданатын алтын шығару фабрикасын салу жобасын әзірлеу және жобалау процесін қолдау үшін құрылды. Құны 105 млрд. теңгені құрайтын жоба мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді: қалдыққойма, жаңа вахталық қалашық, су құбыры және электр беру желісі секілді барлық қажетті инфрақұрылым объектілерінің құрылысы.
Екі компанияның акционерлері - "Верный Капитал" АҚ қазақстандық тікелей инвестициялар тобы және Resource Capital Funds (RCF) жалпы басқаруындағы американдық тікелей инвестициялар қорлар тобы - компанияларды стратегиялық және оперативтік басқаруға белсенді атсалысады.
Біздің миссиямыз барлық мүдделі тараптарға барынша пайда әкеле отырып, алтын өндіру бизнесін тұрақты әрі тиімді дамыту болып табылады.
Біз бизнесімізді соларға сәйкес жүргізуге ұмтылатын қағидаттар болып табылады.
Біз оларды шешім қабылдау кезінде және атқарылатын жұмысты бақылау үшін басшылыққа аламыз.
Осы құндылықтарды ұстана отырып, біз берік ішкі мәдениетті қалыптастырамыз, сыртқы мүдделі тараптармен қарым-қатынасты жақсартамыз және акционерлеріміз үшін ұзақ мерзімді перспективада құнның тұрақты өсуін қамтамасыз етеміз.
«Біз өз қауіпсіздігіміз, бізбен бірге өмір сүретін және жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігі үшін, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуы үшін жауаптымыз»
«Біз бірлесіп жұмыс істейміз, жалпы нәтиже үшін барлығымыз жауаптымыз, біз бір-бірімізді естиміз және түсінеміз»
«Біз шешімдеріміз бен іс-әрекеттеріміздің салдарын ескере отырып, жұмыстың барлық салаларында өнімділікті арттырамыз, ұзақ мерзімді перспективадағы нәтижелер үшін уайымдаймыз»
«Біз ашықтық жағдайын қалыптастырамыз, ой-пікірімізді, мақсаттарымызды және нені күтетінімізді түсіндіреміз, біздің ниетіміз адал және берген уәдемізді орындаймыз»