RG Processing RG Gold-қа бауырлас компания болып табылатыды, Ақмола облысында өнімділігі жылына 5,0 млн тонна кен болатын бастапқы, құрамында алтыны бар кендерді қайта өңдеу кешенінің құрылысы бойынша жобаны іске асырумен айналысады.
Алтын өндіру фабрикасын (АӨФ) салу шеңберінде бірқатар жобалар іске асырылуда:
-
электр беру желілері
Ұзындығы 70 км ӘЖ-220кВ ЭБЖ (электр беру желілері), ол Макинск электр қосалқы станциясын (Бұланды ауданы) Райгородок өндірістік учаскесімен байланыстырады, бұл болашақ АӨФ жеткілікті электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
-
Су тартқыштар желісі
Болашақ фабриканы технологиялық сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы шамамен 30 км су тартқыштар желісі
-
Сыйымдылығы
Сыйымдылығы 80 млн. м3 қалдық қоймасы
-
Инфрақұрылым
Жалпы және тау-кен инфрақұрылымының объектілері, олар мыналарды қамтиды: вахталық кент, өрт сөндіру депосы, жөндеу-механикалық шеберханалар және кен орнының тау-кен жабдығын техникалық қолдау объектілері, қоймалар және автожанармай құю пункті.
Жоба құны
160+млрд. тенге
Өнімділік жылына
5,0млн. тонна кен
Бұл жобаға салынған инвестициялар 100 млрд теңгеден асады (ҚҚС-сыз), бұл оны Қазақстандағы ең ірі орындардың біріне айналдырады. Осыған байланысты, ҚР Үкіметі бұл жобаны мемлекеттің тікелей қолдауын көрсететін Республикалық индустрияландыру картасына енгізді.
Бұл кешен ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес қысқа мерзімде салынатын болады, бұл оны пайдалануды барынша қауіпсіз және тиімді етеді.
Пайдаланылатын материалдардың сапасы, қауіпсіздігі және технологиясы жабдықтарды және басқа да құрамдастарды таңдау кезінде негізгі өлшемшарттар болып табылады. Жобалау құжаттамасын дайындаудың бастапқы кезеңіндегі жұмыстарды АӨФ жобалауда әлемдік көшбасшы болып табылатын Ausenco австралиялық инжинирингтік компаниясы орындады. Біз Metso Outotec & Thyssenkrupp сияқты жаһандық деңгейде танылған көшбасшылар біздің серіктестеріміз екенін мақтан тұтамыз.