RG Gold компаниясының штатында 850-ден астам қызметкер қызмет етеді, өз портфолиомыздың негізінде құндылықтарды қалыптастыруды қолдайтын мәдениет құрылған. Біз өз адамдарымыздың тиісті дағдылары болуы және олар табысты жұмыс істей алатындай қолайлы жағдайлары болуы үшін өз қызметкерлерімізге инвестиция жұмсауға тырысамыз. Біз командамызға қазір не болмаса болашақта қосылуға дайын дарынды адамдар мен энтузиастарды іздеу үстіндеміз.
Біз тау-кен инженерлерінен бастап қаржылық талдаушыларға дейін, табандылықпен әрі аянбай еңбек етуге дайын және қалыптан тыс өзгеше ойлайтын барлық адамдарды командамызға қабылдаймыз. RG-да Сізді өзіңіз қалаған бағытта мансаптық өсу мүмкіндіктері бар күрделі міндеттерге толы жұмыс күтіп тұр.