Мансап

RG Gold компаниясының штатында 800-ден астам қызметкер қызмет етеді, өз портфолиомыздың негізінде құндылықтарды қалыптастыруды қолдайтын мәдениет құрылған.

Жұмысқа қабылдау процесі.
ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ.

hh.kz cайтындағы хабарландыруға жауап жазу немесе түйіндемені cv@rggold.kz мекенжайына жіберу – бұл RG Gold-дағы жұмысқа қабылдау процесінің алғашқы қадамы. Осы тақырыптан Сіз кандидат өтуі тиіс барлық кезеңдер туралы ақпаратты таба аласыз.

01 HR-маманмен сұхбаттасу.

Кандидатқа қызметкерлерді жалдау тобының өкілімен кездесу ұсынылады. Кандидаттың сұхбаттасуға жақсы дайындалғаны өте маңызды: компания, лауазым туралы ақпаратты оқып шығу (лауазымдық нұсқаулықты оқып зерделеу); сыртқы келбетіне көңіл бөлу; мекенжайды алдын ала біліп алып, баратын бағытын ойластырып қою қажет.


Сұхбаттасу әдетте 35 минуттан 40 минутқа дейін созылады. Сұхбаттасу негізінен орыс тілінде жүргізіледі, алайда ағылшын тілін білуі де бағаланады. Сұхбаттасу кезінде Сіздің ынталану деңгейіңіз бен жеке қасиеттеріңіз, сондай-ақ жалпы кәсіби біліктілігіңіз бағаланады.


02 бөлім басшысымен сұхбаттасу.

Бұл кезеңде Сіз таңдаған бөлімнің менеджерлерімен және бастықтарымен бір-екі немесе үш сұхбаттасу өткізілуі мүмкін. Бұл кезеңде Сіздің кәсіби дағдыларыңыз, компанияның біліктілікке қоятын талаптарына сәйкестігіңіз және ынта-жігеріңіз бағаланады.


Менеджермен/бөлім бастығымен сұхбаттасудан сәтті өткеннен кейін Сізді бас директормен кездесуге шақыруы мүмкін.


03 ұсынымдарды тексеру.

Ұсынымдарды тексеру – кандидатты білетін және онымен жұмыс істеген негізгі тұлғалардан (мысалы, басшыларынан, әріптестерінен, қарамағында болған жұмыскерлерінен) жиналған ақпараттың негізінде кандидаттың бұрынғы жұмысының нәтижелерін объективті бағалау. Ұсынымдарды тексеру негізінен келесі мақсатта қолданылады:

  • Іріктеудің басқа процестерінің аясында ізденушілер ұсынған ақпараттың нақтылығын тексеру (мысалы, түйіндеме, кәсіби сауалнамалар, сұхбаттасу).
  • Ізденушілердің тәжірибесін жұмысқа қажетті біліктіліктермен салыстыру арқылы олардың жетістікке қол жеткізуін болжау.

  • Іріктеудің басқа рәсімдері барысында анықталмай қалған болуы мүмкін ізденушілер туралы ақпаратты ашу.


04 жұмысты ұсыну.

Егер Сіз үшінші кезеңнен сәтті өткен болсаңыз, Сіз RG-ден жұмыс туралы жазбаша ресми ұсыныс аласыз. Жұмыс ұсынысын қабылдау туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде қабылдауыңызға кеңес береміз. Егер жарқын әрі табысты мансапты бастау үшін біздің компаниямыздың пайдасына таңдау жасасаңыз, біз өте қуанышты боламыз.


Жиі қойылатын сұрақтар.

Сізді қызықтыратын лауазымға өтініш беру үшін бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларымызбен танысуыңызды өтінеміз.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар жиі жарияланып, жаңартылып тұрады. Біз барлық кандидаттарға жаңартуларды жиі тексеруге кеңес береміз, өйткені бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар кез келген уақытта орналастырылуы мүмкін.

Біз барлық кандидаттарға бос жұмыс орындарына өз жауаптарын hh.kz сайты арқылы жөнелтуге немесе түйіндемені тақырыбын көрсете отырып,cv@rggold.kz мекенжайына жіберуге кеңес береміз. Өтінімдер біздің деректер базамызда сақталады. Түйіндемеңіз жіберілгеннен кейін, қызметкерлерді іріктеу тобы Сіздің өтініміңізді қарап шығады және егер олар Сіздің тәжірибеңіз жөнінде толығырақ мәлімет алғысы келсе, онда Сізбен хабарласады. Қызметкерлерді іріктеу тобы біздің ағымдағы және алдағы бос жұмыс орындарымыз туралы толық хабардар және біздің деректер базамызды үнемі қарап отырады. Егер Сіздің тәжірибеңіз бен бос жұмыс орны сәйкес келсе, олар Сізбен байланысатын болады.

Онлайн-процесс аяқталғаннан кейін Сізге автоматты түрде растау келіп түседі. Барлық кандидаттарды қарастыру ұзақтығы лауазымға және іріктеу процесіне байланысты. Егер Сіз осы лауазымның талаптарына сәйкес келсеңіз, Сізбен хабарласатынымызға сенімді болсаңыз болады.

Сізді қызықтыратын әрбір лауазымға жеке өтінім беруіңізді сұраймыз. Алайда, жаңа мүмкіндіктер пайда болған кезде қызметкерлерді іріктеу тобы біздің деректер базамыздан жаңа кандидаттарды үнемі іздеп отырады.

Сіздің ақпаратыңызды қызметкерлерді іріктеу тобы мен осы лауазымға жалдау процесіне қатысатын менеджерлер қарайтын болады.

Бізге жазыңыз
png, txt, jpg
Мен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін және олардың дұрыстығын растаймын
Бізге жазыңыз
png, txt, jpg
Мен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін және олардың дұрыстығын растаймын

Рахмет. Сіздің хабарламаңыз жіберілді

Қате! Әрекетті қайталап көріңіз

Рахмет. Сіз біздің ақпараттық жіберілімге сәтті жазылдыңыз!