Сатып алулар

«RG Pro» ЖШС және «RG Gold» ЖШС Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кен орнын, сондай-ақ оған іргелес аумақтарды дамыту жөніндегі жобаны бірлесіп басқарады.

САТЫП АЛУЛАР.

«RG Gold» ЖШС Кейіннен алтын өндірумен барлау келісімшарты бойынша барлау мен бір мезгілде барлау және алтын өндіру бойынша операцияларды жүргізеді. Жер қойнауын пайдаланушы болғандықтан «RG Gold» ЖШС бүкіл ТЖҚ сатып алуларды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушылардың ТЖҚ сатып алу қағидалары) ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

«RG Pro» ЖШС Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кен орындарының аумағында алтын шығару фабрикасын салу және оны кейіннен басқару қызметін жүзеге асырады. «RG Pro» ЖШС бүкіл ТЖҚ сатып алуларды «RG Pro» ЖШС-ның ТЖҚ сатып алу туралы Ережелері мен Қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Ортақ мақсатымыз

Барынша қол жеткізуге болатын экономикалық тиімділікпен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің (ТЖҚ) сенімді түрде әрі уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету. Мұндай экономикалық тиімділік сенімді жеткізушілерді іздеуге және ең төмен бағамен қажетті сападағы ТЖҚ сатып алуға негізделген.

Сатып алу қағидаттары
  • ТЖҚ сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы
  • Әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік;
  • Қазақстандық ТЖҚ өндірушілерді қолдау;
  • Әлеуетті жеткізушілердің тең құқықтығы, әділдіктің болуы, оларға қатысты кемсітушілік пен бәсекелестікті негізсіз шектеулердің болмауы.
  • Сатып алуларды жүзеге асырудың тиімділігін қамтамасыз ету
  • ТЖҚ-ның инновациялылығын және жоғары технологиялылығын қамтамасыз ету (жасыл сатып алулар)
Бізге жазыңыз
png, txt, jpg
Мен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін және олардың дұрыстығын растаймын
Бізге жазыңыз
png, txt, jpg
Мен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін және олардың дұрыстығын растаймын

Рахмет. Сіздің хабарламаңыз жіберілді

Қате! Әрекетті қайталап көріңіз

Рахмет. Сіз біздің ақпараттық жіберілімге сәтті жазылдыңыз!