Сатып алулар

«RG Pro» ЖШС және «RG Gold» ЖШС үлестес заңды тұлғалар болып табылады, олар Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кен орнын, сондай-ақ оған іргелес жатқан аумақтарды дамыту бойынша жобаны бірлесіп басқарады.

Сатып алу ережелері.

«RG Gold» ЖШС қатысушылардың сатып алу рәсіміне қатысуға дайындалумен және қатысумен байланысты жұмсаған шығыстары мен кез келген басқа да шығындарын және сатып алу рәсімінің нәтижелеріне қарамастан жіберіп алған пайдасын өтеуге міндеттенбейді. Сатып алуға қатысушы сатып алуға қатысуға қажетті құжаттарды дайындаумен және берумен байланысты барлық шығыстарды өз есебінен төлейді.

«RG Gold» ЖШС жеңімпаздың келіссөздер жүргізумен байланысты жұмсаған шығыстары мен кез келген басқа да шығындарын және келіссөздердің нәтижелеріне қарамастан жіберіп алған пайдасын өтеуге міндеттенбейді. Жеңімпаз тиісті түрдегі шарттың елеулі және өзге де талаптарын келісімге алу бойынша келіссөздер жүргізумен байланысты барлық шығыстарды өз есебінен төлейді.

Шарттың талаптары бойынша келісімге келе алмаған жағдайда, «RG Gold» ЖШС жеңімпазбен шарт жасаспауға құқылы. «RG» ЖШС қатысушыларға немесе жеңімпазға хабарлама жіберу арқылы не «RG Gold» ЖШС ресми сайтында тиісті хабарлама орналастыра отырып, кез келген кезеңде сатып алу рәсімін жүргізуден, келіссөздер жүргізуден және/немесе шартты жасасудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте «RG Gold» ЖШС сатып алу рәсіміне қатысушыларға немесе жеңімпазға олардың жұмсаған шығыстарын және кез келген басқа да шығындарын (нақты залалды) және жіберіп алған пайдасын өтеуге міндеттенбейді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың ТЖҚ сатып алуы.

ТЖҚ сатып алу «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» электрондық мемлекеттік ақпараттық жүйесінде келесі тәсілдермен жүргізіледі:

  • ашық конкурс
  • баға ұсыныстарын сұрату
  • электрондық сатып алу жүйесі арқылы
  • тауарлық биржа арқылы
«RG Pro» ЖШС-ның Ережелері мен Қағидаларына сәйкес ТЖҚ сатып алу.

ТЖҚ сатып алу келесі тәсілдермен жүргізіледі:

  • Бәсекелік сатып алу - ішкі тендер 
  • Бәсекелік сатып алу - баға ұсыныстарын сұрату
  • Бәсекелік сатып алудың (ішкі тендердің) жеңімпазын кешенді тексеру
Жиі қойылатын сұрақтар.

Өндірістік учаске мына мекенжайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, 021700, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ., Мұхтар Әуезова к-сі, 80, «Есіл» БО, 3 қабат
Кеңсе мына мекенжайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 16, «TALAN TOWERS» БО, 7-қабат

RG Gold тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау фактісі бойынша төлем жасау талаптары бойынша сатып алуларды жүзеге асырады. Төлем, сондай-ақ, іс жүзінде көрсетілген қызметтер/орындалған жұмыстар/жеткізілген тауар үшін аралық төлемдермен жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, тауар партиялармен жеткізілген кезде және/немесе қызмет көрсету/жұмыстарды орындау кезінде ай сайын).

Конкурсқа қатысуға өтінімдер, әдетте, өткізілетін конкурсқа қоса тіркелетін конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіпте беріледі.

Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын Әлеуетті жеткізуші RG Gold өткізетін сатып алуларға қатыса алады. Бейрезидент әлеуетті жеткізуші Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген құжаттарды немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын әлеуетті жеткізуші туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің құқық қабілеттілігі, төлем жасау қабілеттілігі болуы тиіс және ол банкроттық рәсіміне жатқызылмауы тиіс. Бұған қоса, әлеуетті жеткізушілерге сатып алуды өткізу кезінде шығарылатын конкурстық құжаттамадан білуге болатын сатып алу мәніне сәйкес әртүрлі біліктілік талаптары қойылады.

Сатып алу жоспары біздің сайтымызда "Сатып алулар" тарауында, сондай-ақ reestr.nadloc.kz мекенжайы бойынша Тізілім АЖ-де орналастырылады.

Компанияңыз туралы ақпаратты cpd@rggold.kz корпоративтік электрондық мекенжайына жіберу қажет және Сіздің компанияңыз жоспардағы қандай сатып алуларға қатысқысы келетінін көрсету керек

RG Gold компаниясы жер қойнауын пайдаланушы болып табылады және сатып алуларды Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырады және өткізілетін сатып алулар туралы ақпаратты reestr.nadloc.kz сайтында «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» (бұдан әрі – Тізілім) мемлекеттік ақпараттық жүйесінде орналастырады. Сатып алуға қатысу үшін аталған жүйеде әлеуетті жеткізуші ретінде тіркелу рәсімінен өту қажет. Тіркелу тегін. Биржалық тауарларды сатып алу Тауар биржасының сайтында жүзеге асырылады: https://webmts.net/

Бізге жазыңыз
png, txt, jpg
Мен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін және олардың дұрыстығын растаймын
Бізге жазыңыз
png, txt, jpg
Мен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін және олардың дұрыстығын растаймын

Рахмет. Сіздің хабарламаңыз жіберілді

Қате! Әрекетті қайталап көріңіз

Рахмет. Сіз біздің ақпараттық жіберілімге сәтті жазылдыңыз!